1-қазан — Халықаралық қарттар күні қайырымдылық айлығы бастау алды. Бұл акцияның негізгі мақсаты — мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«№25 ЖОББМ» КММ- де қарттарға көмек көрсету жылдағы дәстүрге айналған. Оқушылар мен сынып жетекшілер мектеп маңында тұратын қарттарға көмек көрсетіп қана қоймай, оларға мерекеге орай гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.