«№25 ЖОББМ» КММ-де оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде құрылған «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының –Ұланбасын сайлауы 11 қазан күні өтті. Үміткерлер алдын-ала белгіленген ережеге сәйкес өздерінің бағдарламаларымен таныстырды, қоңырау арасында бастауыш сынып оқушыларымен ойындар ұйымдастырылды.
Сайлауға қатысқан үміткерлер саны -6
Дауыс беру нәтижесінде Ұланбасы болып ең көп дауыс жинаған үміткер 8 сынып оқушысы Кабитова Ақнұр тағайындалды.
Сайлау қорытындысы мектеп стендінде және мектепішілік баспасөзде жарияланды.
Сайлау «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Ұланбасы» сайлауы туралы ережесіне сәйкес өткізілді.