Ұланбасын сайлауы
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» демекші, біздің мектеп осы сөздерге сүйеніп, келешекке мемлекетіміздің абыройын асқақтататын жастарды тәрбиелеуде үлкен жұмыс жүргізеді. 11 қазан күні мектепте Ұланбасы сайлауы өтті. Үміткерлер 8-10 сынып оқушылары. Өздерінің бағдарламаларын мектеп оқушыларына таныстырып, сайлауға қатысуға шақырды. Сайлаудың нәтижесінде, Ұланбасы болып, мектебіміздің үлгілі, өнерлі оқушысы 8 «А» сынып оқушысы Кабитова Ақнұр сайланды. Ақнұрдың жеңісі сыныбымыздың мәртебесін жоғары көтерді. Дегенімен, қазақ бабаларымыз айтқандай «бірігіп көтерген жүк жеңіл» — деп, сынып оқушылары Ақнұрды қолдап өз үлестерін қосып, сенім артты және көмек көрсетуге ниеттірін білдірді.