Математика пәнінен «Хан Тенгри» олимпиадасының ІІ кезеңіне өткен біздің мектебіміздің 20 оқушысы Семей қаласының ФМБ НЗМ-не барып, ІІ кезеңге қатысты. «Хан Тенгри» олимпиадасының ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Олар: Дягилев Максим 5 «Б» сыныбының оқушысы – І орын; Давыдов Вячеслав 4 «Б» сыныбының оқушысы – І орын; Муталапов Еркебулан 4 «А» сынып оқушысы — ІІІ орын; Калибеков Алихан 6 «А» сынып оқушысы ІІІ орынға ие болды. Сондай ақ, оқушылар және ұстаздар сертификатқа ие болды.