Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында қаланың барлық мектептерінде салтанатты жиындар өтті, онда қаланың 4000-ға жуық оқушылары бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кірді. №25 ЖОББМ өз оқушыларын «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымына қабылдады. 2018 жылдың соңында Семей қаласының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының саны 25000-ға жетті.
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Біздің ел Қазақстан, болашағы — Жас Ұлан» атты қалалық салтанатты жиынға мектебімізден 5 оқушы қатысты, арнайы шақырылған құрметті қонақтар мен «Жас отан» жастар қанатының өкілдері қала мектептерінің үздік 200 оқушысына галстук тақты. « Жас Ұлан»
«Жас Қыран» ұйымының қатарына мектебіміздің 45 оқушысын салтанатты тізілісте қабылданды. 25-ші мектептің 2018-2019 оқу жылында «Жас Ұлан»«Жас Қыран» ұйымының қатарында жалпы саны 150 оқушы болды.
Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының қатарына мектебіміздің тек үзік оқушылары қабылданды. Сонымен қатар бұл мерекеге мектептің Ұланбасы өз жұмысын белсене атқарып, өзін-өзі басқару ұйымының белсенділерімен бірге мерекелік іс-шара өткізді.