«№25 жалпы орта білім беретін мектеп» қабырғасында Бірінші Президент Күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Бұл күннің салтанатты ашылуында оқушылар біздің президентіміз туралы презентация көріп, тамашалады. Сондай-ақ, оқушылар өздері шығарған өлең жолдарын оқып, ән айтты. Осы күні әр сыныпта сынып сағаты өткізілді. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушыларымыз мектеп алаңына шығып, патриоттық флеш-моб орындады. Мереке соңында балаларымыз әріптерді қардан ойып, «Қазақстан» сөзін жазып шықты.