«№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 7-10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналып ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қозғалды:
1.Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын-алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтағы отбасының алатын ролі.
2.Салауатты өмір салтын насихаттау.
3.Сұрақ-жауап.
Жиналысқа Затон полиция бөлімшесінің инспекторлары Бейсенбаева А., Шомшекова А.С., мектеп инспекторы, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері қатысты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын-алу және жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау жөнінде ескертулер жасады.Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі жөнінде жауапкершіліктері жайлы ескертті. Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дмитриев А.М. ата-аналарға мектепте өткізілетін спорттық секциялар мен үйірмелер жайлы айтып өтті. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізудің шарттарымен таныстырды. Ата-аналар құқық қорғау бөлімінің қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, пікір алмасты.