Ата-аналар конференциясы «21 ғасырдың ата-анасы. Өз балаңа үлгі бол»
«№25 ЖОББМ» КММ-де «21 ғасырдың ата-анасы. Өз балаңа үлгі бол. 1-сынып ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында Отбасы күніне арналған ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияда қалалық «Нұр Отан» партиясының өкілі Соснина Ю.В., 1-сынып жетекшілері, мектеп психологтары қатысты. Конференция жоғары деңгейде өтті. Өте маңызды тақырыптар қозғалды. Мектеп психологтары видеофильмдер мен презентациялар ұсынды. Жиналыс ата-аналарға балаларына қандай көмек көрсетуге болатындығы, балалар үлгілі болуы үшін қандай жағдайлар жасау керектігі туралы түсінік алуына мүмкіндік жасады.