• ЗАДАТЬ ВОПРОС
  • РОДИТЕЛЬСКАЯ СТРАНИЧКА
  • БЛОГ ШКОЛЫ
  • РЕЖИМ РАБОТЫ
  • НА ГЛАВНУЮ
  • НАША ШКОЛА
  • ЭЛЕКТРОННЫЙ ЖУРНАЛ
  • ОБЪЯВЛЕНИЯ
  • ФОТОГАЛЕРЕЯ
  • КОНТАКТЫ

Асхана жұмысының сапасын тексеру қорытындысы

17/04/2019
by Администратор
Comments are off

Қамқорлық кеңесінің жоспары бойынша мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау мен тексеріс қорытындысы.

Қадағалау өткен күн: 17.04.2019ж
Қатысқандар: 
1. Ельчибекова А.Д.
2.Омарова К.А. 

3.Рахманова А.М.

4.Айтказы Л.С.

5.Балыкбаева Г.О.

Мақсаты: мектеп асханасының мәзірі мен тамақтардың дайындалу сапасы мен тазалықтың сақталуын қадағалау
Қамқорлық кеңесінің қадағалауы мен тексеріс барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.
«№25ЖОББМ» КММ  4 тоқсан    бойынша  17 –ші сәуір күні асханаға  әкімшілік тарапынан  тексеріс өтті. Мектепте тегін тамақпен қамтылған 154 оқушы бар. Бұл тізімде аз қамтылған  жағдайы төмен  оқушылар, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар.

Барлығы 154 оқушы тегін  ыстық тамақпен   қамтылып отыр.

Мектеп асханасы  5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Асханада І кезең, ІІ-кезең  болып екіге  бөлінеді.  Мектептің 482  оқушысы  ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Мектептегі ыстық тамақпен қамтылған ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған  жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының және жалпы білім беру  қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 154  оқушылардың  тамақтануы, асхананың талапқа сай жұмыс жасауын және балаларға берілетін  тамақтардың сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды мектеп директоры, кәсіподақ төрайымы, қамқоршылық кеңес төрайымы, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп медбикесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілер тарапынан құрылған комиссия құрамы «Дайын тамақтың сапасына бақылау» (бракераж) журналының  толтырылуына  да тексеру жүргізіліп отыр.

Тексеріс барысында асхана толық ас мәзірі арқылы жұмыс атқарды.

Ыстық тамақ  ас мәзірі бойынша  беріледі.

Тексеріс барысында талапқа сай ас мәзірі берілді. Дастархан оқушыларға толықтай жайылған.

Ас мәзірінде

1-Рагу ет қосылған  — 250гр

2-Винегрет салаты-100гр

3- Компот -200гр

4-нан -30гр

5-ірімшік-50гр

6-бал -10гр

Ескертулері асхана қызметкерлеріне айтылды. Тамақтану мен тамақ пісіру орны талапқа сай, тазалық  жасалынып,дезинфекцияланады. Оқушыларға берілетін  тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады.

Оқушылар  сүзгіден өткен тазартылған  су  тұтынады. Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру жұмыстарының толық тиісті дәрежеде жүргізілуіне және асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын  сақтауы да уақытылы қадағаланып тұрады. Асханада 5 адам жұмыс жасайды. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, сүт, май, ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жайы да тексерілді.

Оқушылар асханаға қойылған кесте бойынша асханаға келеді.

Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.

Мектеп асханасының  кестесіне сай кезекшілік атқарылады. Мектеп әкімшілігі кезекшілік  белгіленген уақытта кесте бойынша  кезекшілік  атқарылады. 

Мектеп медбикесі  таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп отырады және арнайы бракераж журналына  жазады.

 Бракераждық комиссиямен тексеру кезінде мектеп асханасында тыйым салынған тағамдардың (шұжық өнімдерін, шұжықшалар мен құрамында табиғи  бояғыштар,консерванттар , хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер  бар өзге де өнімдерге) мектеп асханасында қазірге таңға дейін  анықталған жоқ.

Асханада тыйым салынған тағамдар тізімі бар.

• Тамақ мәзірі бойынша барлық талаптар сақталған.
• Аспазшылардың медициналық тексерістен өткен кітапшалары бар.
• Тамақтанатын ыдыстар таза, ыдыс жуатын орындар талапқа сай орнатылған.
• Тамақтың дайындалуына жауапты адамдардың арнайы білімдері бар.
• Тамақтарды сақтау бойынша арнайы тоңазытқыштар мен жеке қойма орындардың бар екені анықталды.
• Алынған тағамдардың барлығының сақталу мерзімі көрсетілген. 
Шешімі:

1.Мектеп асханасындағы тамақтың сапасы және тазалық жағдайының  тексерілуі қанағаттанарлық .

2. Күнделікті дайын тамақтың сапасын бақылау комиссиясының жұмысы ары қарай жалғасын тапсын.

3. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың уақытында келіп тамақтануын және тамақты тауысып ішулерін  қадағалау сынып жетекшілеріне міндеттелсін.

4. Сынып жетекшілер  асханада оқушыларды өзін қалай ұстау керек туралы сынып сағаттарын өткізу туралы ұсыныс.

Асханаға жауапты:  Ельчибекова А.Д.

About the Author
Social Share
  • google-share
  • ГЛАВНАЯ
    • СТРУКТУРА УПРАВЛЕНИЯ КГУ
    • АДМИНИСТРАЦИЯ ШКОЛЫ
    • ПРЕПОДАВАТЕЛЬСКИЙ СОСТАВ
    • Close
  • УЧЕБНАЯ РАБОТА
    • РАБОЧИЙ УЧЕБНЫЙ ПЛАН
    • РАСПИСАНИЕ УРОКОВ
    • РАСПИСАНИЕ ЗВОНКОВ
    • Close
  • МЕТОДИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ
    • ТРАНСЛЯЦИЯ ОПЫТА АОО «НИШ»
    • Close
  • ИСТОРИЯ ШКОЛЫ №25
    • ВЕТЕРАНЫ
    • ДОСТИЖЕНИЕ ШКОЛЫ
    • МУЗЕЙ
    • Close
  • ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА
    • КРУЖКИ И СЕКЦИИ
    • Close
  • ОТКРЫТЫЙ БЮДЖЕТ — ОТКРЫТАЯ ШКОЛА
    • Открытый бюджет на 2021 год
    • Штатное расписание 2020-2021г
    • Тарификация учителей 2020-2021гг
    • Наш спонсорский счет
    • Close
  • МИНИ-ЦЕНТР «БӨБЕК»
  • МОЯ ШКОЛА — ONLINE
    • Воспитательная работа ONLINE
    • Методическая работа ONLINE
    • Close
  • ОТКРЫТЫЙ ОРГАН
    • ГОСУДАРСТВЕННЫЕ УСЛУГИ
    • ПРОТИВОДЕЙСТВИЕ КОРРУПЦИИ
      • Работа по противодействию коррупции. Планы, Приказы, информация
      • Мероприятия по противодействию коррупции
    • ПОПЕЧИТЕЛЬСКИЙ СОВЕТ
    • Close
  • ПЛАТФОРМА ОСОЗНАННОГО ВЫБОРА ПРОФЕССИИ
    • ВЫПУСКНИКИ
    • Close
  • ШКОЛЬНОЕ ПИТАНИЕ
  • ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИ
    • КОНКУРС ПО ПИТАНИЮ
    • Close
© КГУ «СОШ № 25». г.Семей
Создание сайтов в Казахстане Goodsite.kz