«Алтын күз» құрметіне!
Күз де келіп жетті… Сары жапырақ, қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Күз-молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Оқушыларды еңбек етуге, ел ырысын құрметтеу және адам еңбегін бағалай білу мақсатында қыркүйек айының соңында мектебімізде, бастауыш сыныптар арасында «Алтын күз» атты сайыс өтті.
Сайысты 4 «А» сынып оқушылары қалалық «Алтын күз» сайысына қатысқан, «Бас жүлде» иегерлері «Күз ханшайымдары» өткізді.
Бастауыш сынып оқушылары «Алма», «Күнбағыс», «Жапырақ», «Саңырауқұлақ» тобы болып таныстырып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Сән үлгісінде оқушылардың киген киімдері көз тартарлықтай әдемі болды. Соңғы сайыста әр топ сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынай түсті.