«3 саны» кіріктірілген сабақ
№25 жалпы орта білім беретін мектепте 26.11.2015 «Бөбек» толық күндік шағын-орталығының «Бота» тобында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру білім бөлімінен «3 саны» тақырыпта кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтілді. Өткізген тәрбиеші: Закирова Бахытгуль Райповна
Мақсаты: 3 саны.3 саны және таңбасымен таныстыру; 3 санына дейін тура және кері санауды; басқа сандардың арасынан тауып алуға үйрету;
-0,1,2,3 сандарын заттармен сәйкестендіруге одан ары қарай жетілдіру; ұоіә мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес және топпен орындауға дағдыларын қалыптастыру; балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тіл байлығын дамыту.
-ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінде балалар 0-ден, 3-ке дейін түсініктерін толықтырды.Балалар 3 санын ауада жазу, таспен жазу әдіс-тәсілдерін меңгерді, оқу әрекеті барысында май шам, «0» патшалығы, «1» патша, «2» патшайым, «3» ханзада, ойыншықтар, геометриялық ірі пішіндер, «Геродот» ойыны, санауға арналған таратпа ұсақ сандық карточкалар арқылы дамытушы ойындар ойналды. Балалар оқу әректенінің соңында сиқырлы сандықты тауып, сыйлықтар алды. Балаларға тосын сый қатты ұнап, қуаныш әсерін қалдырды.