Жалпы білім беретін орта мектептерде жаратылыстану пәндерінің маңызы зор. Жаратылыстану пәндері баланың дүниетанымын кеңейтіп, ақыл-ойын дамытатын, білімін шыңдайтын, жан-жақты білім беретін пәндер жүйесі.
Мектеп оқушылары жаратылыстану пәндерімен бастауыш сыныпта танысып, жоғары сыныптарда толық білім алады. Атап айтсақ бастауыш сыныптағы дүниетану, математика пәндері, 5-сыныптағы жаратылыстану,
6- сыныпта биология, география пәндеріне жалғасады. Биология курсының
6-сыныбында өсімдіктер дүниесімен, 7- сыныпта жануарлар дүниесімен,
8-сыныпта адам ағзасымен танысады. 9,10,11-сыныптарда жалпы биология тірі ағзалардың тіршілігі туралы оқып біледі.
Мектеп оқушыларының биология пәніне қызығушылығы артатын кезі бұл 6-7 сыныпта оқу кезеңдерінде. Осы уақыттарда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім беру өте маңызды. Балалардың дүниетанымын арттырып, сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануда сыныптан тыс жұмыстар мен үйірмелердің маңызы зор.
«Жас биологтар» үйірмесінің мақсаты оқушылардың биология пәнінен білімдерін арттыру, практикалық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Биология пәнін экология пәнімен байланыстыра отырып, оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, бұл үйірменің оқушыларға болашақта биология саласы бойынша мамандық таңдауда, ғылыми жоба сайыстарына қатысып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуде маңызы зор.
Үйірменің теориялық оқытылуы:
Табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принціпті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру қажеттілігінен туындаған.
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың биологиялық, экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға, тәжірибе жасауға, қорытынды жасай білуге үйрету. Мектеп институт арасында шығармашылық байланыс орнату