№25 мектеп қабырғасында бүгін бірінші қоңырау мерекесі өткізілді. Мерекеге барысын әр сыныптың оқушылары сынып жетекшілерімен, бірінші сынып оқушылары және ата – аналар көріп, тамашалады. Бұл мереке мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін өте маңызды болды. Ата – аналар мектеп ұжымына ақ тілектерін білдіріп, бастауыш сыныпқа қадам аттаған оқушыларға сәттілік тіледі. Әр сынып «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбы бойынша өткізілетін бірінші сабақтарына аттанды.